Contents

Биосфера- жердің кешенді қабығы.
Географиялық зерттеулердің нәтижесінде ғалымдар келесі ой-тұжырымға келді:
«Жерде планетаның басқа бөліктерінен негізгі айырмашылық жасайтын қабық бар».
Оны былай сипаттайды:
оның шегінде үш агрегатты күйде (қатты, газ, сұйық) болатын зат және тіршілік бар. Бұл қабық Жердің дамуына қатысты ортақ заңдылықтарға бағынатын бірыңғай, біртұтас жүйе. Бастапқы кезде бұл табиғи түзіліс «физикалық-географиялық қабық», кейінірек «географиялық қабық» деп аталды. Кейде «ландшафтық қабық», «ландшафт сферасы» немесе «табиғи орта» термин сөздері қолданылады.
Ландшафт (сферасы) туралы ілім біртіндеп қалыптаса бастады. Бұл ілімді дамытқандар арасында неміс табиғат зерттеушісі А. Гумбольдт, француз ғалымы Э. Реклю, австриялық ғалым Э. Зюсс бар. Ресейде географиялық қабық туралы ілімді топырақ зерттеуші В.В. Докучаев және географ П.И. Броунов жан-жақты зерттеді. Олардың ғылыми идеяларын ары қарай дамытқан XX ғасырдың көрнекті ойшылы және табиғат зерттеушісі В.И. Вернадский болды.
«Биосфера» ұғымын ғылымға 1875 жылы австриялық геолог ғалым Ә. Зюсс енгізді. В.И. Вернадский өз еңбектерінде бұл терминді қолдана отырып, қайта құру (өзгерту) рөлін тірі организмдерге берді. Бұл тұжырымдаманы В.И. Вернадский «Жер бетінде тұтас алынған тірі организмдерден басқа үздіксіз қуатты, сонысымен нәтижелі қызмет ететін химиялық күш жоқ» деп түсіндірді. Географтар айтқан кешенді қабықты В.И.Вернадский "Биосфера" тіршіктің бесігі деп атады.
Айналымдардың биосфералық циклі үш бөлімнен тұрады:
-фотосинтез үрдісі кезінде жасыл өсімдіктер арқылы биологиялық өнім деп аталатын органикалық заттардың түзілуі;
-жануарлардың тіршілік әрекеті арқылы бұл өнімнің екінші кезектегі биологиялық өнімге (жануар) айналуы;
-бактериялар мен саңырауқұлақтардың бірінші және екінші кезектегі биологиялық өнімді жоюы;
В.И.Вернадский бойынша, биосфера үш бөліктен тұрады:
Табиғат зоналарының орналасуы. Еуразия солтүстік жартышардың барлық климат белдеулерін алып жатқандықтан, мұнда солтүстік жартышарға тән барлық табиғат зоналарының жиынтығы кездеседі. Олар материктің көп бөлігінде ендік бағытқа сәйкес, батыстан шығысқа қарай созылып жатыр.
Солтүстіктегі арктикалық аралдардан бастап, тайга зонасына дейін табиғат зоналары ендік бағытта тұтас алап болып созылып жатыр, ал одан оңтүстікке қарай зоналар батыстан шығысқа қарай жіңішке жолақтар түрінде таралады.
Қоңыржай белдеудің көпшілік бөлігін тайга зонасы алып жатыр, оның батысы мен шығысы жалпақ жапырақты ормандармен көмкерілген. Материктің ішкі бөлігінде тайга бірден орманды дала мен далаға ауысады. Тынық мүхитынан келетін ылғалдың материк ортасына қарай азаюына байланысты бұл зоналар шығыста ендік бағытта бұрылыс жасайды. Ылғал мүлде жеткіліксіз ішкі аудандарда шөлейт жэне шөл зоналары қалыптасады.
Арктикалық және субарктикалық белдеулердің табиғат зоналары.
Арктикалық белдеудің қиыр солтүстігіндегі аралдарды арктикалық шөл зонасы алып жатыр. Жазы өте суық және қысқа. Қыста температура -40°С-тан төмен болады. Қарлы борандар мен тұмандар жиі болып түрады. Аралдарды түгелдей дерлік мұз жауып жатыр. Мұздан бос жерлерде мүк, қына, балдырлар өседі, топырақ қалыптасып жетілмеген. Жануарлардан ақ аю мен ақ түлкі кездеседі, жағалаулары жазда құс базарына айналады. Соңғы кезде ақ аю саны азаюда.
Арктикалық белдеуді тундра мен орманды тундра зоналары алып жатыр. Тундра дегеніміз толық жетілмеген батпақты топырақтардағы мүкті-қыналы және бұталы өсімдіктерден тұратын, климаты қатал белдеу. Мүнда күшті желдер мен қарлы борандар жиі соғады. Сондықтан бұталы өсімдіктер жерге төселіп өседі.
Тундрада ең көп тараған өсімдік - бұғы мүгі солтүстік бүғыларының негізгі азығы болып табылады. Оңтүстікке қарай жүрген сайын жел бәсеңдеп, жылылықтың артуына байланысты тундра зонасы орманды тундраға ауысады.
Бұл зона мүктер мен бұталарға біршама бай болғандықтан солтүстік бұғысымен қатар, жаз айларында мұнда бұлан, қоңыр аю, қоян сияқты орман жануарлары кездестіруге болады. Исландияда мұз басу дәуірінен бері сақталған қойөгіз тіршілік етеді. Тундра мен орманды тундра зоналарында көп жылдық тоң таралған, жазда оның беткі қабаты ғана ериді. Аталған зоналардың табиғаты климатының қаталдығына байланысты адамның шаруашылық әрекетіне аз ұшыраған. Бүгінгі таңда мұнай, газ кен орындарының қарқынды игерілуіне байланысты адамның табиғатқа әсері күшейе түсті. Сондықтан өзіндік қайталанбас табиғат ерекшеліктері бар тундраны қорғау бүгінгі күннің өзекті мәселесі болып отыр.
Қоңыржай белдеудің табиғат зоналары.
Қоңыржай белдеудегі ең ірі табиғат зонасы - тайгада тундра мен орманды тундраға қарағанда жаз біршама жылы және ұзақ. Соның нәтижесінде ағаш текті өсімдіктердің өсуіне жағдай бар.
Тайга - тек қана қылқанжапырақты ағаштар өсетін зона. Тайганың топырағы күлгін (күл түстес), көбінесе батпақты болып келеді. Климаттың батыстан шығысқа қарай қаталдануына байланысты Скандинавия түбегі мен Финляндияда, Ресейдің еуропалық бөлігінде қарагай мен шырша өседі. Ал Ресей жерінің Оралдан шығысқа қарай жатқан бөлігі - Сібірде суыққа төзімді май қарагай, сібір қарағайы - самырсын және қыста қылқандарын түсіретін ағаш - бал қарагай таралған. Сібір жерінде климаттың қатаң болуына байланысты тайга зонасы еуропалық бөлікпен салыстырғанда оңтүстікке қарай ығысқан және неғүрлым үлкен аумақты алып жатыр.
Тайга мен биік таудағы ормандар неғұрлым жақсы сақталғандықтан, жануарлар дүниесі де салыстырмалы түрде бай. Мұнда зубр, бұлан, марал, елік, қоңыр аю, қабан тіршілік етеді. Қиыр Шығыста қорғауға алынған ірі жыртқыш - Уссурий жолбарысы сақталған. Сондай-ақ ормандарда терісі бағалы, кәсіптік маңызы бар аңдар мен құстар өте көп.
Аралас және жалпақ жапырақты ормандар зонасы материктің батысында Орал тауына дейін тұтас белдеу жасап, Қиыр Шығыстағы жағалық бөлікте қайта жалғасады.
Аралас ормандар тайга мен жалпақ жапырақты ормандар аралығында орналасқандықтан, құрамында қылқанды, жалпақ және ұсақ жапырақты ағаштар аралас өседі, шөптесін өсімдіктерге байланысты топырағы шымды-күлгін болып келеді. Тынық мұхит жағалауындағы аралас ормандарда муссонды климат әсерінен емен, жөке, амур барқыт ағашы, жабайы жүзім мен лианалар, ал қылқанды ағаштардан корей самырсыны мен бал қарағайы, шырша және сібір май қарагайы өседі.
Жалпақ жапырақты ормандар белдеудің жауын-шашын көп түсетін батысы мен шығысында ғана орналасқан. Құнарлы қоңыр топырақта өсетін бұл орманның ағаштары жылу сүйеді, ылғалды көп қажет етеді. Еуропаның ылғал көп түсетін батысындағы шамшат орманы жазғы және қысқы температураның айырмашылығы артқан сайын емен, жөке, үйеңкі және т.б. ағаштар өсетін орманға ауысады. Ормандар халық тығыз қоныстанған аудандарда өсетіндіктен және бағалы ағаш сүрегі көп дайындалатындықтан барынша сиреген.
Орманды дала және дала зоналары Шығыс Еуропа мен Батыс Сібір жазықтарының оңтүстігінде тұтас жолақ түрінде Алтайға дейін созылып, Қиыр Шығыста қайта жалғасады. Ылғал молырақ түсетін Шығыс Еуропаның орманды дала зонасында жалпақ жапырақты ағаштар (емен, үйеңкі) мен даланың шөптесін өсімдіктері өседі. Қысы қатал болатын Батыс Сібірдің орманды даласына ұсақ жапырақты ағаштар - қайың, көктерек және даланың астық түқымдас өсімдіктері - селеу, боз, бидайық тән. Бұл зоналарда өте құнарлы қара топырақ таралған. Сондықтан зоналар түгелге дерлік жыртылған. Жылу мен ылғалдың мөлшері жеткілікті болғандықтан дәнді дақылдар: бидай, қарабидай, қарақұмық, арпа, сұлы және қант қызылшасы мен күнбағыс өсіріледі. Дала зонасының оңтүстігінде қуаңшылықтар жиі болып тұратындықтан, егістіктер қосымша суаруды қажет етеді.
Орманды далада орман мен даланың жануарлары қатар кездеседі. Негізгі жануарлары - қасқыр, қарсақ, түлкі және кемірушілерден саршұнақ, дала күзені, дала тышқандары тіршілік етеді. Топырағы құнарлы дала зонасы ежелден қарқынды игерілгендіктен мұнда бұрын кең таралған ірі тұяқты жануарлар мен құстар саны қазіргі кезде күрт кеміп кеткен. Сондықтан дала зонасының табиғи өсімдік жамылғысы мен кейбір жануарлары қорықтарда ғана сақталған.
Шөлейт және шөл зоналары Каспий маңы ойпатынан басталып, Қазақстан мен Орта Азияны тұтас жолақ түрінде қамтып, Монғолия мен Қытайдың тау аралық ойыстарында таралған. Жазы аптап ыстық, құрғақ, ал қысы суық, кейде қарлы боранды болады. Зоналардың шұғыл континентті климаты топырақ-өсімдік жамылғысының дамуы мен таралуын шектейді.
Шөлейтті өңірлерде қыста ауа райы құбылмалы: қарлы борандар жиі соғып, ауа температурасы -40-°С қа дейін төмендейді. Аязды ауа райы кенет жылымықтармен ауысқанда көктайғақ, яғни жер бетін басқан жұқа мұз қабыршағы пайда болады. Қыста осындай ауа райының жиі байқалуы жұтқа әкеп соғады. Шөлейтке күңгірт қара қоңыр (каштан) топырақтар тән, тұзы бетіне шығып жататын сортаңдар да кездеседі. Шөлейттерде кең таралған, жусандармен қатар селеу, бетеге, бұйырғын және т.б. өсімдіктер өседі.
Шөлдерде климаттың континенттілігі артады, жаздағы ыстық +50°С-қа дейін жетеді, жылдық буланушылық мөлшері түсетін жауын-шашыннан 10-12 есе артады. Шөлге сұр-қоңыр топырақ тән. Әсіресе құмды шөлдер тіршілікке неғүрлым бай болып келеді. Құмды шөлдерде сабағы қатты, жапырағы ұсақ немесе тікенекке айналған, қүрғақшылыққа төзімді өсімдіктер (ксерофиттер) кең таралған. Сондай өсімдіктердің бірі - сексеуіл аса ұзын тамырлары арқылы тереңдегі ылғалды сіңіреді, әрі құмдарды бекітеді.
Бекінген құмдарда сирек жаңбырлардан жиналған ылғал көктемде шөлдің жандануына мүмкіндік береді. Мұндай көктемде ерте гүлдеп, тұқымын шашып үлгеретін өсімдіктерге (эфемерлер) өздеріңе таныс қызғалдақ, қақбақ жатады. Сондай-ақ қоңыржай белдеуде тақырлар басым болатын сазды шөлдер мен Гобиге тән тасты шөлдер де (хамадалар) кездеседі. Шөл зонасында жер асты суы жақын орналасқан жерлер мен өзен аңғарларында шұраттар (оазистер) қалыптасады. Шұраттарға ағаштар мен әртүрлі бұталар, шалғынды өсімдік жамылғылары мен тоғайлар тән. Ал жауын-шашын өте аз түсетін, жылжы- малы сусыма құмдар мен тасты шөлдерде тіршілік жоқтың қасы.
Шөлейттер мен шөлдерде су мен азық іздеп алысқа жортып бара алатын ірі түяқты жануарлардан жабайы түйе, құлан, ақбөкен, қарақұйрық, кемірушілер мен кесірткелер, жыландар тіршілік етеді. Бұл зоналарда сары шаяндар, бүйі, қарақұрт сияқты улы жәндіктер де кең таралған.
Субтропиктік белдеудің табиғат зоналары.
Субтропиктік дала, шөлейт және шөл зонасында қоңыржай белдеудің осындай зоналарына қарағанда жазы өте ыстық болады. Бүл шөлдердің минералды заттарға бай сұр топырағын қолдан суару арқылы Орта Азияның оңтүстігі мен Қытайда цитрустардан, анар мен жүзімнен, жер жаңғағы (арахис) мен бақша дақылдарынан мол өнім алынады. Құлазыған атақты Такла-Макан шөлі осы зонаның орталық бөлігін алып жатыр.
Тропиктік шөлдер Арабия түбегі мен Үндістандағы Тар шөлін алып жатыр. Еуразия шөлдеріндегі ең ыстық әрі құрғақ климат осы жерлерге тән. Ертеректе климаттың біршама ылғалды болғандығын дәлелдейтін қүрғақ өзен арналары - уәд әсіресе Арабия түбегінде жиі кездеседі. Оларда қараған, шеңгел сияқты тікенекті бұталар, ал жер асты сулары жақын жатқан шұраттарда құрма пальмасы өседі.
Арабиядағы орасан зор кеңістікті алып жатқан атақты Руб-эль-Хали шөлінде тіршілік жоқтың қасы. Ал тасты шөлдер мүлде құлазып жатады.
Жануарлардан Арабияда желаяқ бөкендер, жабайы есек - онагр, бір өркешті жабайы түйе - нар (дромедар), тарғыл қорқау қасқыр мен шиебөрілер кездеседі, кемірушілер өте көп. Адам төзгісіз ыстық пен құмды дауылдарға, су тапшылығына қарамастан бұл шөлдер арқылы ежелден керуен жолдары өткен. Парсы шығанағынан табылған мол мұнай қорының игерілуіне байланысты шөлдерде қазіргі заманғы сәулетті қалалар мен елді мекендер салынып, адамдардың тұрмыс жағдайы жақсарған.
Жауын-шашынның түсуі мен мөлшерінің жыл мезгілдері бойынша белдеу ішінде әркелкі болады. Сондықтан мұнда субэкваторлық ауыспалы ылғалды ормандар мен саванналар таралған. Үндістан және Үндіқытай түбектерінің жауын-шашынның жылдық мөлшері 800 мм-ден аспайтын ішкі бөліктеріне саванналар тән болады. Мұнда астық тұқымдастарға жататын биік шөптер арасында пальмира пальмасы, хош иісті сандал ағашы, тик және майлы ағаштар өседі. Тик ағашының суда шірімейтін, өте қатты сүрегі кеме және вагон жасауда пайдаланылады. Ал биіктігі 35-37 м-ге, диаметр-і 2 м-ге жететін майлы ағаш батпақты жерлерде құрылыс салуда қолданылады.
3-4 айға созылатын қүрғақ мезгілде кейбір ағаштардың жапырағы түсіп, шөптесін өсімдіктер сарғайса, жазғы муссон кезінде саванна құлпырып, сан алуан түске боялады.
Субэкваторлық ауыспалы ылғалды (муссонды) ормандар Үндістанның батыс жағалауы мен Ганг, Брахмапутра өзендерінің төменгі ағысын, Үндіқытай түбегі жағалауы мен Филиппин аралдарының солтүстігін алып жатыр. Мұнда құрғақ мезгіл ұзаққа созылмайды, жаңбыр саваннаға қарағанда көбірек жауады.
Кейбір ағаштардың құрғақ кезде жапырағын түсіретіндігі болмаса, бұл орманның өсімдіктері оңтүстігінде орналасқан ылғалды экваторлық ормандарға ұқсайды.
Саванналар мен субэкваторлық ауыспалы ылғалды ормандарда қызыл және қоңыр-қызыл топырақ жамылғысы таралған, жануарлар дүниесі де ұқсас. Үндістан мен Шри-Ланкада жабайы пілдер сақталған. Маймылдар барлық жерінде кездеседі.
Экваторлық белдеудің ылғалды ормандары. Еуразияның оңтүстігіндегі аралдарды алып жатыр Жауын-шашынның жыл бойы мол түсуі, температураның тұрақты жоғары болуы тіршілік дүниесінің қарқынды дамуына жағдай жасайды.
Бұл ормандарда өсімдіктердің 40 мыңнан аса түрі өседі, тек қана пальманың 300-дей түрі бар. Ұзындығы 200-300м-ге жететін оралып өсетін ротанг палъмасы мен лианалар ағаштарды шырмап, ит тұмсығы өтпейтін қалың ну орман (джунгли) құрайды.
Экваторлық ормандарда жергілікті халық үй құрылысына, жиһаз бен қағаз жасауға пайдаланатын бамбуктің көптеген түрлері өседі. Ағаш діңдерінде шырмалып өсетін хош иісті, алуан түсті орхидеялар орманға айрықша көрік береді.
Ылғалды экваторлық ормандардың жануарлар дүниесі де өте алуан түрлі: мүйізтұмсықтар мен жабайы бұқалардың кейбір түрлері басқа ешбір жерде кездеспейді. Маймылдардан - макакалар мен итбасты маймылдар, ірі орангутандар, жыртқыштардан - жолбарыс, қабыландар, құстардан - әдемі қауырсынды тауыс кездеседі.
Қазіргі кезде жоспарсыз отаудың нәтижесінде ормандардың ауданы азаюда. Кесілген ормандар орнына жергілікті тұрғындар күріш, ал Үндістан мен бұрын Цейлон деп аталған Шри-Ланка аралындағы тау беткейлерінде шай бұтасын өсірумен айналысады.
Биіктік белдеулер.
Еуразия жерінің жартысына жуығын алып жатқан таулы аймақтарға биіктік белдеулер тән болады. Таудың ең төменгі белдеуі тау орналасқан табиғат зонасына сәйкес келеді. Биіктеген сайын ылғалдың артуына қарамастан, ауа температурасы төмендеп, тіршіліктің қарқынды дамуын тежейді. Сондықтан тау ормандарындағы ағаштар онша биік болмайды, ал топырақ жамылғысы жұқа болып келеді.